Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

Әуежай қызметіне жататын әуеайлақтық және жердегі қызмет көрсетудің қызметтер (жұмыстар) тізімін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» 2010 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңының 65-бабының  1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1.Қоса беріліп отырған Әуежай қызметіне (жұмыстарына) жататын әуеайлақтық және жердегі қызмет көрсетудің қызметтер тізбесі бекітілсін.

2.«Әуежай қызметіне жататын қызметтер және операциялар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2011 жылғы 3 наурыздағы № 81-НҚ және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 5 наурыздағы № 119 Бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6857 тіркелген, 2011 жылғы 5 тамыздағы № 112 (1928) "Заң газеті" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз жүзіндегі және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік        он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Инвестициялар және даму министрі

_________________ Ж. Қасымбек

 

 

Қазақстан Республикасының

     Ұлттық экономика министрі

    ______________ Т. Сүлейменов

 
 

    

 

© 2017

Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі

Туризм индустриясы департаменті