Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

«Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2016 жылғы 17 наурыздағы № 137 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2016 жылғы 17 наурыздағы № 137 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 101625 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылы 17 мамырда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2)   осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3)   осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

4)   осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

5)      осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Инвестициялар және даму

министрі

Ж. Қасымбек

 

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Ақпарат және коммуникациялар

министрі

_______________ Д. Абаев

2017 жылғы «__» ___________

 

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі

_______________ Т. Сүлейменов

2017 жылғы «__» __________

Жарияланған: 26.05.2017
Жаңартылған: 26.05.2017
© 2017

Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі

Туризм индустриясы департаменті