Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

Департаменті туралы ереже

                                             

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің

Туризм индустриясы департаменті туралы

ережесі

 

1. Жалпы ережелер

1. Туризм индустриясы департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің (бұдан әрі –  Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын,  Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Департаменттің құрылымын, штат санын Министрліктің жауапты хатшысы Қазақстан Республикасының заңнамаларымен бекітілген тәртіпте бекітеді.

4. Департаменттің құрамы:

1) Ішкі және келу туризмін дамыту басқармасы;

2) Инвестициялық жобалар басқармасы;

3) Ұйымдастыру жұмысты басқармасы;

4) Ақпараттық қамтамасыз ету басқармасы.

 

2. Департаменттің негізгі мақсаттары, функциялары, құқықтары мен міндеттері

5. Міндеті: туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.

Функциялары:

1) туристік қызмет, туризм және туристік индустрия салаларындағы мемлекеттік саясатты  іске асыру;

2) туристік қызмет саласындағы салааралық және өңіраралық үйлестіруді, туристік қызметті жүзеге асыратын отандық, шетелдік және халықаралық туристік, қоғамдық және басқа да ұйымдармен, тұлғалармен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асырады;

3) метрология және техникалық реттеу бойынша уәкілетті орган мен бірлесіп туристiк қызмет саласындағы стандарттау аясындағы қызметті реттейді;

4) Қазақстан мен оның туристiк мүмкiндiктерi туралы ақпаратты халықаралық туристiк нарықта және мемлекет iшiнде, оның iшiнде туристiк қызмет саласындағы республикалық және халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелер өткiзу жолымен таратады;

5) туристiк қызмет саласындағы халықаралық шарттарды дайындайды және орындайды, сондай-ақ  халықаралық  ұйымдарда және халықаралық iс-шараларда мемлекеттiң туризм саласындағы мүдделерiн бiлдiредi және олардың жұмысына қатысады;

6) туристiк қызмет саласындағы заңнаманы қолдану тәжірибесін қорытып жинақтайды және оны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;

7) туристiк салаға инвестициялар тарту жөнiндегi бiрыңғай саясатты iске асыруға қатысады;

8) Қазақстан Республикасының туристiк қызмет туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;

9) «Туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу жөнiндегi мiндетiн туроператордың және турагенттiң орындауына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;

10)  Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 187 (екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөлімі) 462, 465 баптары бойынша құқық бұзушылық туралы хаттама жасайды;

11) Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 187-бабының (бірінші бөлімінде), 230 (екінші бөлімінде) (туроператорлар мен турагенттер жасаған құқық бұзушылықтар бөлімінде), 464- (бірінші бөлімінде)  көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау үшін құжаттарды дайындайды;

12) туристiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғаларды және туристердi уақытша болатын елдегi (жердегi) ықтимал қауiптер туралы хабардар етедi;

13) Туризм жөнiндегi Кеңестiң дербес құрамын және ол туралы ереженi әзiрлеу және бекiту ұсынады ;

14) мүдделі министрліктермен және басқа да атқарушы органдармен бірлесіп туристерді қорғау мен олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

15) туризм саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобасын дайындайды;

16)  шығу туризм саласындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарына кепілдік беру жүйесінің субъектілерінің Қазақстан Республикасының 13 маусым 2001 жылдың «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Заңының 27-3 бабымен қарастырылған міндеттерін атқаруды қамтамасыз ететі;

17) Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің функциясын жүзеге асыратын заңды тұлғаны айқындауға арналған конкурсты өткізеті;

18) «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 13 маусымдағы Заңының 27-3 бабына сәйкес туроператордың немесе туроператор-әуе кемесімен жалданушының Қазақстан Республикасы азаматтарына шығу туризмі саласында туристік қызмет көрсеткені анықталған жағдайда, уәкілетті орган осындай мән-жайларды анықтаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензияны тоқтата тұруды жүзеге асырады;

19) облыстың жергілікті атқарушы органдарда, республикалық маңызы бар қалада, астанада бекітілетін туристтік саланы дамыту бойынша іс-шара жоспарлармен келіседі;

20) ЭКСПО – 2017 Халықаралық мамандандырылған көрме сұрақтары сонымен  қатар,  халықаралық маңызы бар  инвестициялық «серпінді» жобаның іске асырылуы;

21)Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңына сәйкес қызметінің басталғаны туралы хабарламаларды берген  турагенттер, гидтер (гид-аудармашылар), экскурсоводовтар және туризм нұсқаушыларының мемлекеттік электронды тізілімін жүргізу;

22) туристтік нарықта бақылау(мониторинг) жүргізу;

23) туристiк саланы дамытуға үлес қосқан тұлғаларды Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларымен марапаттауға және құрметтi атақтарын беруге ұсыныс енгiзедi;

24) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асырады.

6. Департаменттің құқығы және міндеттері:

6.1. Департамент хақы бар:

1) Департамент міндеттерінің аясына кіретін мәселелер жөнінде Министрлік басшылығына ұсыныстар енгізуге;

2) Департамент өкілеттігіне қатысты мәселелерді Министрліктің басшылығымен бірге талқылауға қатысуға;

3) Департаменттің құзіретіне кіретін мәселе бойынша, басшылықтың тапсырмасымен Қазақстан Ресупбликасының барлық мемлекеттік, қоғамдық және басқа да мекемелері мен ұйымдарында Министрліктің атынан өкілдік етуге;

4) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен, ведомстволық бағынысты ұйымдардан Департаментке жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға қажетті ақпаратты сұрату және алуға;

5) Департаменттің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер ұйымдастыруға және өткізуге;

6) Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволарының, Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшыларының келісімімен Департаментке жүктелген міндеттерге сәйкес өткізілетін іс-шараларды ұйымдастыруға қатысу үшін қызметкерлерді  тартуға;

7) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес Департаментке жүктелген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы;

6.2. Департаменттің міндеттеріне кіреді:

1) Департаменттің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша түсінік беру;

2) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимылдасуда басқа да арнайы қызметтік көмек көрсету үшін немесе консультациялық-кеңесші органдарына қатысу қажет болған жағдайда Департаменттің қызметкер(лер)ін бөлу;

3) Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен мемлекеттік органдар ресми сұратқан жағдайда заңнама шеңберінде және өз құзыреті шегінде қажетті мәліметтер мен анықтамалары беру жатады.

 

3. Департаменттің қызметін ұйымдастыру

7. Департамент заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттігі бар.

8. Департаментті Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген тәртіпте лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын директор басқарады.

9. Департамент директоры Департаменттің жалпы басшылығын жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттерді орындауға және өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін дербес жауапкершілікте болады.

10. Департамент директоры министрліктің басшылығына Департаменттің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар береді.

11. Директор осы мақсатта:

1)    өз орынбасарларының міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;

2)    Департаменттің құрамына кіретін құрылымдық бөлімшелер басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;

3)    Қазақстан Республикасының заңнамаларына және Президенттің актілеріне сәйкес басқа да өкілеттікті жүзеге асырады.

12. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Департамент директорының орынбасары бар.

13. Департамент директорының орынбасары:

1) өз өкілеттіктері шегінде Департамент жұмысын үйлестіреді;

2) Департамент директоры болмаған кезеңде құрылымдық бөлімшелердің жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттерді орындауға және өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін дербес жауапкершілікте болады;

3) Департамент директоры жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

14. Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департамент атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға департамент директоры, ол болмағанда – оның орнындағы тұлға қол қояды.

15. Департамен директоры, оның орынбасарлары және Департамент басқармаларының басшылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасайды және сыбайлас жемқорықпен күрес туралы Қазақстан Республикасының заңнамаларының  сақталуына жеке жауапкершілікте болады.

16. Департамент қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері белгіленген тәртіпте бекітілген лауазымдық нұсқаулықтарымен белгіленеді.

 

Жарияланған: 09.07.2015
Жаңартылған: 25.01.2017
© 2017

Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі

Туризм индустриясы департаменті