Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

Жаңалықтар

1906/17

«Қазгеология» АҚ Rio Tintoмен (Австралия) және Ulmus Fundпен (ГФР) бірлесіп инвестициялық жобаларды іске асыруды жалғастыруда

Rio Tinto Қарағанды облысының Қорғантас учаскесінде  және Сарышаған алаңында 2017 жылдың дала маусымын бастады: осы екі бірлескен жоба  «Қазгеология»  ұлттық геологиялық барлау акционерлік қоғамы мен  Rio Tinto халықаралық таукен өндіруші әрі геологиялық барлау компаниясы арасында жасалған мыс-порфира кендерін барлау жөніндегі жобалар.

Биылғы жылы Rio Tinto осы іздеу, геологиялық барлау жобаларын геологиялық барлаудың келесі кезеңдеріне жылжыту жөнінде келісілген тәсілдерді қолдануды жалғастыруда. Мысалы, Қорғантас жобасында биылғы жылы бұрғылау жұмыстары жаңғыртылды, олардың осы жылға арналған көлемін бекітілген жұмыс бағдарламасының шеңберіндегі бастапқы жоспарлармен салыстырғанда, ұлғайту жоспарлануда.

Сондай-ақ, биылғы жылы Rio Tinto Балқаш-Сарышаған алаңында 2016 жылы басталған ауқымды аэрогефизикалық зерттеулерді аяқтауды және дала маусымының аяғына қарай растау бұрғылауының шағын бағдарламасын аяқтауды жоспарлауда. Бұдан басқа, екі жобада жер бетіндегі геофизикалық жұмыстардың елеулі бағдарламаларын жүргізу жоспарлануда.

Сонымен бір мезгілде, Rio Tinto Қазақстаның жағдайына және оның қолданыстағы заңнамасының талаптарына  геологиялық барлау жұмыстарын жүргізудің батыс тәсілдерін бейімдеу үшін жер қойнауын пайдалану жөніндегі осы екі келісімшарт бойынша жаңа жұмыс бағдарламаларын бекіту бөлігінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігімен өзара іс-қимыл жасауда «Қазгеология»  АҚ-тың  құзыретін пайдалануда.

Сондай-ақ, «Қазгеология»  АҚ  «Ulmus Fund»  неміс инвестициялық қорымен бірлесіп, Қарағанды облысының Бесшоқы алаңында түсті және асыл металдар барлау жөніндегі жобаны іске асыруды жалғастыруда. 2015 жылдан бастап учаскеде геофизикалық зерттеулер, бұрғылау және зертханалық жұмыстар орындалды. Күні бүгін учаскеде 2017 жылға жоспарланған көлемі 10 500 қ.км бұрғылау жұмыстары басталды.

2016 жылдың қорытындысы бойынша барлық шетелдік әріптестер «Қазгеология»  АҚ-пен бірлесіп іске асыратын жобалар бойынша Қазақстанда  1,8 млрд. теңге мөлшерінде қаржы салды. Компанияның жоспары – 2017 жылы инвестициялық жобалар бойынша  3 млрд. теңге шамасында  сомасында қаржыландырып, оларды аяқтау.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ма?

© 2017

Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі

Туризм индустриясы департаменті