Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

Жаңалықтар

1906/17
Открыто прямое авиасообщение между Казахстаном и Финляндией

Қазақстан мен Финляндия арасында тікелей әуе қатынасы ашылды

2017 жылдың 18 маусымында «FinnAir» әуе компаниясы Хелсинкіден Астанаға алғашқы рейсті орындады. Финляндияының сыртқы сауда және даму министрі Кай Мюккянен бастаған делегацияның жартысы Астанаға келді. Қазақстан мен Финляндия арасындағы тікелей рейс аптасына екі рет, сәрсенбі және жұма күндері қатынайды. Аталмыш рейстер Airbus 319 әуе кемесімен Астанадан  жергілікті уақыт бойынша сағат 05:40-та  орындалады. Екі ел арасындағы рейсті ашуда ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті мен Финляндияның авиациялық билігі бірлесе жұмыс атқарды. Халықаралық ЭКСПО-2017  көрмесінің өтуіне байланысты фин тарапына аптасына 7 рейс орындау құқығы берілді. Сонымен қатар, жақын уақытта Финляндия президенті Қазақстанға келеді.

Анықтама:  JACDEC зерттеу бюросының ақпараты бойынша Финляндияның «Finnair» ірі әуе компаниясы 2012-2013 жылдары Еуропадағы ең қауіпсіз әуе компания атанған және қауіпсіздік жөнінен әлем бойынша екінші орынды иеленген.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ма?

© 2017

Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі

Туризм индустриясы департаменті