Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

Басшылық

Директор

Игалиев Марат Несіпқалыұлы
Игалиев Марат Несіпқалыұлы

1974 жылы туылған.

Білімі: 1991 жылы  Ақтөбе педагогикалық институтын «Тарих және география пәні мұғалімі» мамандығы бойынша бітірді.

2002 жылы Алматы экономика және статистика институты экономика факультетінің «қаржы және аудит» мамандығын  үздік аяқтады.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік қызмет академиясының «Мемлекеттік қызмет менеджері» мамандығы бойынша түлегі.

Директордың орынбасары

Мамажанова Асель Ерболовна
Мамажанова Асель Ерболовна

1979 жылғы 27 қаңтарда Алматы облысында туған.

«Заңтану» мамандығы бойынша Орта-азиялық университетін бітірген.

Еңбек қызметін 1998 жылы Алматы қаласының қалалық ішкі істер басқармасының төлқұжат және виза жұмыстары бөлімінің паспортшы қызметінен бастаған. 2008 жылдан бастап Алматы қаласының ішкі істер, әділет басқармаларында, Қазақстан Республикасы байланыс және ақпарат агенттігінде түрлі басшы лауазымдарын атқарған. 2014-2015 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті ХҚО үйлестіру, бақылау және дамыту басқармасының басшысы. 2015 жылғы ақпаннан – ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Туризм индустриясы департаменті директорының орынбасары.

Директордың орынбасары

Тырмышев Темиргали Кенжебаевич
Тырмышев Темиргали Кенжебаевич

1981 жылғы 17 қарашада Жамбыл облысында туған.

«Заңтану» мамандығы бойынша М.Х.Дулати ат. Тараз мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек қызметін 2007 жылы Жамбыл облысы Әділет департаментінің Талас ауданының бас  маманы ретінде бастаған. 2007 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация, Инвестициялар және даму министрліктерінің жүйесінде жұмыс жасады.

2016 жылғы 31 наурыздан бастап ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Туризм индустриясы департаменті директорының орынбасары лауазымына тағайындалды.

© 2017

Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі

Туризм индустриясы департаменті