Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

Турагенттердің, гидтердің экскурсоводтардың және туризм нұсқаушыларының мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу

Турагенттердің, гидтердің (гид-аудармашылардың), экскурсоводтардың және туризм нұсқаушыларының мемлекеттік электрондық тізіліміне қосылу үшін:

1.  Қызметті немесе белгілі бір іс-қимылдарды жүзеге асыруды бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарламаны толтыру қажет

2. Қызметті немесе белгілі бір іс-қимылдарды жүзеге асыруды бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарламаның қосымшасына мәліметтер нысандарының біреуін толтыру қажет

турагент қызметінің басталғаны туралы хабарламаның қосымшасына мәліметтер нысаны

гид (гид-аудармашы) қызметінің басталғаны туралы хабарламаның қосымшасына мәліметтер нысаны

экскурсовод қызметінің басталғаны туралы хабарламаның қосымшасына мәліметтер нысаны

туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны туралы хабарламаның қосымшасына мәліметтер нысаны

3. Туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының көшірмесін (нотариалды расталмаған) қоса береді.

Гидтер (гид-аудармашылар), экскурсоводтар және туризм нұсқаушылары хабарламаға гидтер (гид-аудармашылар), экскурсоводтар және туризм нұсқаушылары даярлықтан өткені туралы сертификатты қоса береді.

4. Көрсетiлген құжаттарды Астана қаласы, Қабанбай батыр көшесі 32/1 үй мекенжайға жіберу.

(7172) 75 44 27 телефоны бойынша қосымша ақпаратты алуға болады.

© 2017

Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі

Туризм индустриясы департаменті